Ағымдағы жылдың 10 маусымында облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдар басқармалары басшыларының қатысуымен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті.
11.06.2025 19:43:14 550
Күн тәртібінде қоғамды радикалдандыруға және экстремизмнің таралуына жол бермеуге бағытталған экстремизм мен терроризмнің алдын алуды жетілдіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында, дене шынықтыру және спорт саласында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024 – 2026 жылдарға арналған жол карталарын іске асыру туралы мәселелер талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар бойынша мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары тыңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1015782?lang=kk