БҚО Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) өз жұмысын бастады!
12.06.2025 11:21:01 22127
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салу жоспарланды (11 - дәрігерлік амбулатория, 21 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 18 - медициналық пункт).
50 медициналық нысанның ішінде салтанатты түрде ашылған 39-ыншы Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт.
Қалған 11 медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары бүгін аяқталу сатысында.
БҚО Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) өз жұмысын бастады! Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі, медициналық қызметкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл – ауыл тұрғындары үшін сапалы, уақытылы және қолжетімді медициналық көмектің жаңа деңгейі! Нысан келесідей қызмет түрлерін жоғары деңгейде ұсынатын болады:
- Алғашқы медициналық көмек;
- Ана мен бала денсаулығы;
- Вакцинация, тексерулер;
- Заманауи құрал-жабдықтар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1015988?lang=kk