«Ән толқынында» — Қаратал жағажайында әсерлі кеш өтті
12.06.2025 18:33:03 616
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының III маусымының жабылуына арналған «Ән толқынында» атты эстрадалық ән мен би кеші Талдықорған қаласындағы Қаратал жағажайында жоғары деңгейде өтті.
Музыка мен би өнері тоғысқан кеш көрерменге ерекше рухани демалыс сыйлады. Шара шымылдығын «Жетісу» би ансамблінің ұлттық нақыштағы «Гәкку» биі ашты. Кеш барысында әр жылдары халықтың сүйікті әндеріне айналған “Күндерай”, “Гүлдей нәзігім”, “Әдемі-ау”, “Жылдар-ай”, “Сен туралы”, “Айға қарап”, “Тыңда”, “Менімен биле” секілді әндер орындалды.
Кеш соңын Гүлнұр Нұрасылованың “Қазақ елі” әнімен аяқтады.
Концертке келген көпшілік әрбір ән мен биді ыстық ықыласпен қарсы алып, орындаушыларға зор қошемет көрсетті. Ауқымды кеш қала тұрғындарының көңілінен шығып, жазғы кешті әсерге толтырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1016488?lang=kk