Женева Қазақстандағы мүмкіндіктерге арналған инвестициялық форумды қабылдады

Женева Қазақстандағы мүмкіндіктерге арналған инвестициялық форумды қабылдады

12.06.2025 20:21:35 616

Женева, 2025 жылғы 11 маусым – Женевада Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және Женева сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен «Market focus on Kazakhstan» инвестициялық форумы өтті. Іс-шара Қазақстан мен Швейцария арасындағы, атап айтқанда франкофондық бизнес өкілдерімен, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудегі маңызды алаңға айналды.

Форум ашылуында, Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Қазақстан өзін дәйекті реформалар жүргізетін және оң экономикалық даму нәтижелерін көрсететін тұрақты және сенімді серіктес ретінде танытқанын атап өтті. 2024 жылы Швейцариямен тауар айналымының 1,7 млрд. долларға жеткеніне және швейцариялық компаниялардың инвестициялық жобаларға белсенді қатысатынына арнайы тоқтады. Елші әлеуетті салаларға – ауыл шаруашылық, фармацевтика, атом энергетикасы, көлік және цифрландыруға ерекше назар аударып, Қазақстанға швейцариялық инвестициялар көлемі 35 млрд. доллардан асқанын жариялады.

Қатысушылар Kazakh Invest-тің Еуропадағы өкілі Сәкен Олжабаевтың шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау құралдары – салық және кедендік преференциялар, капиталды қорғау тетіктері, сондай-ақ жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде әкімшілік сүйемелдеу туралы егжей-тегжейлі таныстырылымын қызығушылықпен қабылдады. Ол Швейцария Қазақстанның соңғы онжылдық кезеңіндегі үшінші ірі шетелдік инвесторы екенін атап өтті.

Швейцария тарапынан Қазақстандағы инвестициялық ахуалға оң баға берілді. Switzerland Global Enterprise консультанты Ксавьер Корнат жергілікті бизнестің қазақстандық нарыққа деген қызығушылығының артып келе жатқанын мәлімдеп, Қазақстанды Швейцарияның өңірдегі негізгі серіктесі ретінде атады. Серіктестіктің кеңеюіне ықпал ететін негізгі факторлар ретінде ол еліміздің саяси тұрақтылығын, сыртқы саяси бағытымыздың прагматизмін, экономиканы әртараптандыруды, жекешелендіруге және жаңартылатын энергия көздеріне дәйекті көшуді, сондай-ақ транзиттік әлеуеттің дамуын белгіледі.

Swiss Choice Holding және INOKS Capital компанияларының басшылары Қазақстанда бизон өсіру, балық фермасын салу, ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі интеграцияланған жобаларды іске асыру бойынша табысты тәжірибелерімен бөлісті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың жоғары тиімділігін және әкімшілік рәсімдердің ашықтығын атап өтті.

Біріккен сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті, Қазақстанның Женевадағы Құрметті консулы Жан-Поль Периа екіжақты экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге қолдау білдіріп, Астана халықаралық форумының өзекті экономикалық мәселелердің кең ауқымын талқылауға арналған беделді алаң ретіндегі өкілдігін мәлімдеді.

Форум қазақстандық нарыққа шығу бойынша практикалық қадамдарды талқылау мен ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын іздестірудегі бірқатар іскерлік кездесулермен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1016566?lang=kk