Қазақстан мен Польша өзара диалогты дамытуға ұмтылысын растады

Қазақстан мен Польша өзара диалогты дамытуға ұмтылысын растады

14.06.2025 08:02:30 638

Варшава, 2025 жылғы 13 маусым – Польша Сенатында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Сенат Төрағасының орынбасары Михал Каминьскимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың жағдайын талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын қарастырды.

Қазақстан Елшісі парламентаралық диалогты одан әрі нығайтудың, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.

Михал Каминьски қазақстандық тараптың ұсыныстары мен бастамаларын қолдайтынын білдіріп, Қазақстан мен Польша арасындағы жылы әрі сенімді қарым-қатынастарын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1017453?lang=kk