Алматыда “UN Plaza”-да БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық Шартының Көп елдік желісін іске қосылды
25.06.2025 13:44:47 11506
2025 жылғы 18 маусымда «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық Шартының Көп елдік желісінің іске қосылуына арналған салтанатты шараға қатысып, сөз сөйледі.
Іс-шараға БҰҰ Жаһандық шартының жаһандық операцияларының басшысы Оле Лунд Хансен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О'Малли қатысты.
Өз сөзінде Ж. Әбдрашов көп елдік желіні іске қосу үкіметтердің, бизнес құрылымдардың және азаматтық қоғамның адам құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты негізгі бағыттардағы күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталық және БҰҰ Жаһандық шарты арасындағы ықтимал серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Соңында Елші өңірдің тұрақты болашағы үшін БҰҰ-ның Жаһандық шартының Көп елдік желісінің қызметіне Қазақстан Үкіметінің жан-жақты қолдау көрсететініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1019755?lang=kk