Қарағанды облысында жоғары кернеулі электр желілерінің тіректерін өндіретін жаңа металлургия кластері іске қосылады

Қарағанды облысында жоғары кернеулі электр желілерінің тіректерін өндіретін жаңа металлургия кластері іске қосылады

25.06.2025 14:04:38 99

Қарағанды облысында «Қазақстанның ыстық мырыштау зауыты» ЖШС базасында өнімге коррозияға қарсы жабын жағып, оның беріктігі мен қызмет ету мерзімін 50 жылға дейін ұзартатын өндіріс кластерін іске қосу жоспарланып отыр. Соның аясында жоғары кернеулі электр желілерінің тіректерін шығаратын зауыт ашылады.

Кәсіпорын басшылығы зауытты іске қосу бойынша техникалық кезең аяқталғанын хабарлады. Жоба кәсіпорынның жеке қаражаты және «Бәйтерек» қоры тарапынан берілген қаржыландыру арқылы жүзеге асырылып жатыр.

– Жалпы аумағы 9 гектар, өндірістік бөлігі – 6,5 мың шаршы метр. Жоспар бойынша 115 адам жұмыспен қамтылады. Жылдық өндірістік қуаттылық – 50 мың тонна. Алдағы уақытта бұл көлемді 70 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Мұнда ыстық мырыштауға мұқтаж қосымша өндірістерді біріктіретін толыққанды кластер құрылады. Сондай-ақ жоғары кернеулі желі тіректерін толық циклмен шығаратын зауыт та осы аумақта ашылады, – деді кәсіпорынның бас директоры Александр Ларионов.

@KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1020049?lang=kk