Тоқтамыс ауылдық округі тұрғындарымен Абай ауданының кездесуі

Тоқтамыс ауылдық округі тұрғындарымен Абай ауданының кездесуі

25.06.2025 14:40:31 4290

Бүгін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жұмыс кестесіне сәйкес Тоқтамыс ауылдық округінде тұрғындармен тұрақты кездесуі өтті.

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, тиісті сала мамандары, ауылдық округ әкімі Д.Мұхтаров және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында ауылдық округ әкімі Д.Мұхтаров округте атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Одан кейін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы 2025 жылдың алғашқы төрт айында аудан көлемінде жүзеге асырылған негізгі жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан мал соятын арнайы орын ашу, шаруақожалық ашу үшін жер сатып алу, көше жарығын орнату, тұрақты жұмыс сынды бірқатар мәселелер көтерілді. Аудан басшысы бұл сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жол бойына қауіпсіздікті сақтау мақсатында жол белгілерін орнату жөнінде өтініш білдірді. Бұл ұсыныс бойынша аудан әкімі жыл соңына дейін арнайы жол белгілері орнатылатынын мәлімдеді.

Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындарды «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысып, санитариялық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Кездесуден кейін аудан әкімі жуырда басталған Тоқтамыс ауылына кіреберіс 6-11 шақырым жол аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарының барысын қарап, округ әкімі Д.Мұхтаровқа жөндеу жұмыстарын бақылауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-toktamys-district/press/news/details/1020352?lang=kk