Жаз. Лагерь. Пайдалы демалыс.

Жаз. Лагерь. Пайдалы демалыс.

25.06.2025 14:45:58 3344

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз»   атты айлық шарамыз жалғасуда.

Бүгін қаламыздың №12 орта мектеп гимназиясының жанындағы жазғы демалыс лагерінің 3-4 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылып,қызықты ойындар ойнатылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1020718?lang=kk