20 маусымда Алтай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
25.06.2025 15:44:08 3058
2025 жылғы 20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Алтай ауданы мәслихатының «2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқару және жалпы мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
- ТКШ және көлік инфрақұрылымы саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы.
- Алтай ауданы бойынша жолаушылар тасымалы мәселелері туралы.
- Алтай қаласының жылу және сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру туралы. «Алтай қаласының жылу-су орталығы» ШЖҚ КМК-ның, сондай-ақ тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін қарызын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
- Алтай қаласының су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарының орындалу барысы туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан өзекті мәселелер бойынша уәкілетті органдарға депутаттық сауалдар жолдау туралы шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1021427?lang=kk