Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды

Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды

25.06.2025 17:59:18 1166

Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ елордаға жақын орналасқан. Бұл – жаңа зауыттар мен өндіріс ошақтарын ашуға қолайлы барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ. Қазіргі таңда мұнда жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын инвестицияға ие жеті жоба жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар географиясы Қытай, Түркия, Сингапур және Қазақстан елдерін қамтиды. Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1022847?lang=kk