БАҚ қызметкерлері күні

БАҚ қызметкерлері күні

25.06.2025 18:00:00 1199

2025 жылдың 23 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова және Қостанай облысының заң қоғамдастығының өкілдері журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу жылы, бейресми форматта өтті. Іс-шара барысында БАҚ өкілдері халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ өңірдің заң қоғамдастығымен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Алғыс ретінде қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1022793?lang=kk