Қазақстан мен Алжир ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты басталады

Қазақстан мен Алжир ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты басталады

25.06.2025 18:00:20 1012

АЛЖИР, 22 маусым, 2025 жыл – ҚР Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Ауыл шаруашылығы, ауылдық аумақтарды дамыту және балық шаруашылығы министрі Юсеф Шерфамен келіссөздерін жүргізді.

Тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жұмыстың келешектегі бағыттарын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын, құрғақ климат жағдайында тәжірибе алмасуды, келісім-шарттық және құқықтық базаны қалыптастыруды жан-жақты талқыланды.

Әңгімелесушілер екі елдің фермерлері мен тұтынушыларының мүдделері үшін нақты нәтижелерге мүмкіндігінше тезірек қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бегілді.

Кездесу барысында Ю.Шерфаға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың екі ведомство арасындағы ынтымақтастық бойынша ұсыныстары егжей-тегжейлі баяндалған хатты және елімізге сапарымен келуге шақыруын тапсырылды.

Өз кезегінде Ю.Шерфа А.Сапаровтың ұсыныстарын толық қолдады. Сонымен қатар, алжирлік министрі Қазақстанның аграрлық секторының даму қарқынын жоғары бағалап, бұл салада біздің елімізбен толық өзара тиімді ынтымақтастықты тез арада бастауға дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ Министрі қазақстандық ресми өкілдерді және фермерлерді Алжирдегі ауыл шаруашылығы көрмелері мен салондарына қатысуға шақырды.

Анықтама: Алжир әлемдік рейтингте бесінші орында және жыл сайын 9 миллион тоннаға дейін жұмсақ сортты бидайын сатып алатын ірі импорттаушылардың бірі болып табылады.

2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан Алжирге 2,5 миллион долларға жуық 8,7 мың тонна бидай жеткізіп үлгерді.

Сонымен қатар, Алжир жыл сайынғы 100 мың тоннаға дейін жеткізілетін еттің маңызды импортшысы болып табылады. Мысалы, 2025 жылы Құрбан-Айт тойлау үшін Алжир сыртқы нарықтан 1 миллионға жуық қой сатып алды.

Алжир Сахара шөлін игеруде айтарлықтай табысқа жетті, мұнда қазір шамамен 40 мың гектар жер игеріліп, жер асты су ресурстарын пайдаланып көкөніс дақылдары өсіріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-algeria/press/news/details/1022772?lang=kk