Кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады
25.06.2025 18:19:19 1419Мемлекеттік қызметші күніне орай Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымы кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне Қазақстанның табиғи жауһарлары — Шарын шатқалы мен Көлсай көліне арналған бір күндік ерекше саяхатқа сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Сондай-ақ, кәсіподақ қызметіне белсенді атсалысқаны үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдары табысталды.
Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Туған өлкенің табиғатынан шабыт алып, жарқын әсерге бөленулеріңізге тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1023063?lang=kk