Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ашық есік күні аясында қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтті
25.06.2025 19:12:00 451
Ағымдағы жылғы 24 маусымда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде көпшілікке арналған Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-сананы қалыптастыру және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді нығайту.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлері өз қызметі туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, адалдық пен әділдік қағидаларын ұстануға шақырды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтық қатысудың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Осындай іс-шаралар департамент тарапынан алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢ мен ТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1023629?lang=kk