Президент күштік құрылымдарға бірқатар міндет жүктеді

Президент күштік құрылымдарға бірқатар міндет жүктеді

25.06.2025 19:12:23 528

Ағымдағы жылдың 23 маусымында Мемлекет басшысының қатысуымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасы өтті.

Өз сөзінде Президент «Заң және тәртіп» қағидатын барынша ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Себебі жаһандық тұрақсыздықтың артуы жағдайында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және заңдылықты мүлтіксіз сақтау ерекше мәнге ие болуда.

Мемлекет басшысы «Заң және тәртіп» апталығын жариялап, құқық қорғау органдарының жұмысына алдын алу шараларын кеңінен қолдану қажеттігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарындағы бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықпен қатаң күресуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

 

 

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1023626?lang=kk