Құқық қорғау органдары «Заң және тәртіп» идеологиясын қолдау мақсатында Панфиловшылар шыңына көтерілді

Құқық қорғау органдары «Заң және тәртіп» идеологиясын қолдау мақсатында Панфиловшылар шыңына көтерілді

25.06.2025 19:12:53 374

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері Панфиловшылар шыңына көтерілді.

Науқан Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге арналды.

Бұл тек спорттық бастама емес, қоғамға адал қызмет етудің, әділдік пен заңдылыққа берілгендіктің айқын белгісі болды.

Шыңның 4120 метрінде Мемлекеттік Туды және «Заң және тәртіп» деген жазуы бар туды көтеру арқылы қатысушылар өздеріне жүктелген жоғары жауапкершілік пен борышты білдірді.

Шыңға апарар жол Тұйықсу мен Мынжылқы шатқалдары, Альпинград альпинистік базасы мен Мәншүк Мәметова асуы арқылы өтті.

Осы іс-шара түрлі ведомстволар арасындағы ынтымақ пен бірлікті одан әрі нығайтып, тек бірлесе әрекет еткенде ғана ең биік шыңдарды бағындыруға болатынын дәлелдеді — тауда да, заң үстемдігін қамтамасыз ету ісінде де.

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢ мен ТӘРТІП

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1023614?lang=kk