ШҚО-да «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – әділетті қоғамның негізі
27.06.2025 10:01:07 495
«Заң мен тәртіп» жалпыұлттық иедологиясы аясында, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге белсенді қатысуының маңыздылығын үнемі атап өтуде.
Азаматтық жауапкершілік пен адалдықтың жарқын үлгісін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жол патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторылары көрсетуде.
Атап айтсақ, инспекторлар қызметтік міндеттерін атқарып жүріп, жол жүру ережелерін бұзған азаматтарды тоқтатқан. Хаттаманы рәсімдеу барысында, ұсталған азаматтар полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан.
Алайда полиция қызметкерлері заңдылық пен тәртіп қағидаттарына адал болып, бұл оқиға туралы бірден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған. Нәтижесінде аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотта сәтті қаралып, пара ұсынған азаматтарға қатысты соттың айыптау үкімі шықты.
Естеріңізге саламыз: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болатын 1424 нөмірлі бірыңғай тегін call-орталық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады және қорғауда болады.
Сондай-ақ азаматтардың ыңғайлылығы үшін «Антикор 1424» WhatsApp чат-боты іске қосылған — хабарлама жіберу немесе сұрақ қою үшін 8 777 000 1424 нөміріне жазыңыз.
Әрбір қоңырау мен өтініш – мемлекеттің және қоғамның мүддесін қорғауға жасалған қадам.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1025354?lang=kk