2025 жылғы қаңтар- наурыздағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

2025 жылғы қаңтар- наурыздағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

27.06.2025 12:42:05 528

2025 жылғы қаңтар-наруыздағы есепті деректерге сәйкес Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,6% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі –34,9%, қызметтерді өндіру үлесі – 58,5%.

Ең жоғары өсім Көлік және қойма – 121,2%, Құрылыс – 116,9%, Өңдеу өнеркәсібі – 108,8%, Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 106,2%, салаларында байқалды.

ЖІӨ-ге ең үлкен салымды Өнеркәсіп – 1,92%, Көлік және жинақтау – 1,27 %, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 1% салалары қосты.

 
 

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1025614?lang=kk