ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ КОНТЕНТ-МЕЙКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА МАСТЕР КЛАСС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
30.06.2025 11:10:39 132
Шымкент қаласының туристік тартымдылығын арттыру және контент- мейкерлерді қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 9-11 маусым аралығында «Shymkent Creativе Hub» ғимаратында мастер класс ұйымдастырылды.
Іс-шараның алғашқы күні 30-дан астам қатысушыға танымал видеограф және тревел блогер Әділет Рахметолла өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға кәсіби деңгейде контент жасау тәсілдерін үйретті.
Қатысушылар үш күндік мастер-класста контент жасаудың заманауи әдістерін үйреніп, өз шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік алды. Әрбір қатысушыға өз контентін туризм саласында қалай тиімді түрде жариялауды, Шымкенттің ең әдемі жерлерін барынша қалай жақсы көрсетуге болатыны жайлы кеңестер берілді.
Мастер-класста қатысушылардың ынта-жігерін арттыру мақсатында конкурс ұйымдастырылды.
Екінші күні практикалық сабақ кезінде, қатысушылар туристік объектілерді түсіріп, монтаждап конкурсқа қатысты.
Үшінші күні Әділет Рахметолламен конкурс нәтижесі анықталып, қатысушылар марапатталды.
Бұл іс- шараның мақсаты — қатысушыларға тек теориялық білім ғана беріп қоймай, оларды туризм саласында кәсіби контент жасауға арналған нақты құралдармен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, осы салада жұмыс істейтін контент-мейкерлер үшін үлкен тәжірибелік, маңызды сабақ болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1026534?lang=kk