Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

30.06.2025 11:10:52 429

"Руханият" орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шарада аудан басшысы қаламгерлердің елеулі еңбегін атап көрсетті.
– Бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген еді. Бұл ұлағатты сөзді қазір тек басылымдарға ғана емес, барлық бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қолдануға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазір еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа жеткізу жолында күш біріктіруде» деп атап көрсетті. Журналистер қауымының дайындаған әрбір материалдарында елдің мұңы мен мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отырады. Жұмыс барысында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруда Сіздер үлкен еңбек атқарудасыздар. Аудан айнасы саналатын 86 жылдық тарихы бар «Тіршілік тынысы» газеті ұжымының ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтарына үнемі ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні басылым 3315 тиражбен жарық көріп, халыққа ақпарат ұсынуда 30-ға жуық қызметкер аянбай еңбек етуде. Оларға сала ардагерлері мен баспасөз саласының жанашырлары әркез қолдау білдіруде. Сондықтан меншікті басылымның еңбегін аудан халқы ерекше ықыласпен бағалайды. Осы сәтті пайдалана отырып, Сіздерге шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Ауданымыздың дамуына еңбек сіңіріп жүрген журналистика саланың ардагерлері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мүсілім Қалмұратұлы биыл мерейлі 75 жасқа, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Сәуле Сұлтанқызы мерейлі 65 жасқа толып отыр. Мерейтой иелерін шын жүректен құттықтаймын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Құттықтаудан соң аудан әкімі мерейлі 75 жасқа толған Мүсілім Қалмұратұлын "Құттықтау хатпе"н және облыстық ардагерлер кеңесінің "Құрмет грамотасымен" марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, сала ардагері мен аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің қызметкерлеріне «Алғыс хат» табыс етті.
Мерекелік іс-шарада аудандық басылым қызметкерлеріне Сырдария ауданы прокурорының және "Сыр медиа" ЖШС бас директорының "Алғыс хаттары" табыс етілді.
Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, сала ардагерлері Мүсілім Қалмұратұлы мен Қалдыгүл Балшықбаева мерекелік лебіздерін жеткізді. Іс-шарада Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің құрметіне аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, өнерлерін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1026518?lang=kk