Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микро кредит пен лизинг берудің қағидасы бекітілді

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микро кредит пен лизинг берудің қағидасы бекітілді

30.06.2025 18:20:57 385

Кәсіпкерлердің қаржы құралдарына қол жеткізуін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит пен лизинг берудің қағидалары бекітілді. 2025 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі тиісті №53 бұйрыққа қол қойды.

Құжат ауылдық жерлер мен шағын қалаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға микрокредит пен лизинг берудің бірыңғай тәртібін белгілейді. Негізгі мақсат – кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясы мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытуға жәрдемдесу.

Бекітілген шарттарға сәйкес:

шағын несие 7 жылға, ауыл шаруашылығына қатыссыз жобаларға 5 жылға беріледі;

сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%;

ең көп сома – 2 500 АЕК, қайта өңдеу жобаларына 8 000 АЕК-ке дейін;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке алудың шарты ұқсас, ол 7 жылға беріледі.

Жобаларды қарау кезінде ауылдық округ деңгейінде алдын ала скрининг арқылы таңдалған бастамаларға, сондай-ақ жұмыс орнын құру, өнімді қайта өңдеу, кооперацияны дамыту жобаларына айрықша назар аударылады.

Қағиданы қабылдау ауылдық аумақты орнықты дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, жергілікті жерде жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудың дәйекті қадамының бірі.

Қағиданың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің www.gov.kz. ресми сайтында танысқан жөн.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027130?lang=kk