27маусым 2025 жылы Кеген аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

27маусым 2025 жылы Кеген аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

01.07.2025 09:31:07 253

Күн тәртібінде:

  1. «Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 6 айында ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылдың 2-ші жартысында атқаратын жұмыстары жайлы есебі;
  2. «Кеген аудандық полиция бөлімінің» аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша:

  «Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 6 айында ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылдың 2-ші жартысында атқаратын жұмыстары жайлы есеп беру үшін сөз ауылдық округ әкімі Алимов Рустем Жеңісұлы баяндама жасады.

Баяндаманы тыңдап, талқылай келе ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 6 айында ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылдың 2-ші жартысында атқаратын жұмыстары жайлы Р.Алимовтың есебі еске алынды.
  2. Отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, ауылдық округтегі жұмыстарды жандандыру, мамандардың жауапкершілігін арттыру, жергілікті қоғамдастық жиналысымен тығыз жұмыс істеу ауылдық округ әкімі Р.Алимовке ұсынылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша:

 «Кеген аудандық полиция бөлімінің» аудан  көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, қылмыстың  алдын алу мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп беру үшін сөз аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрбатырұлы Думан баяндама жасады.

Баяндаманы тыңдап, талқылай келе ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Кеген аудандық полиция бөлімінің» аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, қылмыстың  алдын алу мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы  аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрбатырұлы Думанның есебі еске алынды.
  2. Алдағы уақытта аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жолдарда бақылауды күшейту үшін дрон алуға және жануарлар көп жүретін аумақтарға макеттер мен жол белгілерінің орнатылуына ықпал ету жайлы қоғамдық кеңес тарапынан аудан әкіміне ұсыныс берілді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1027250?lang=kk