Елордалық ұландықтар жоғалған бала мен телефон тапты
01.07.2025 11:51:10 121
Ұлттық ұланның 5573 жедел құрамасының сарбаздары бір күнде қос қырағылық танытты.
Қала тыныштығын қадағалау қызметін атқару барысында, кезінде әскери жасақ бастығы Ислам Қаппас пен патрульші Отабек Пардаев адасып жүрген 10 жасар қыз баланы байқап қалады. Бұл туралы байланыс құралдары арқылы патрульдік топ бастығы кіші сержант Мейірбек Эргашовқа бірден баяндайды. Жедел ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде қыз баланың анасы табылып, баласымен қауышты. Қуанған ана ұландық жауынгерлерге шынайы ризашылығын білдірді.
Сол күні шамасында әскери тізбекте тұрған қатардағы Ақниет Қозыбай қызмет өткеру кезінде “iPhone 14” ұялы телефонын тауып алады. Жауынгер дереу тиісті шаралар қабылдап, смартфон иесін анықтайлы. Көп ұзамай телефонына қол жеткізген азаматша сарбаздардың адалдығы мен жедел әрекетіне алғыс білдірді.
Аталған оқиғалар ұландықтардың тек жауынгерлік тапсырмаларды орындаумен ғана шектелмей, қоғам алдындағы азаматтық парызын абыроймен атқарып жүргенін айғақтайды. Әскери қызметшілердің мұндай іс-әрекеттері – ел сенімінің тірегі, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1027395?lang=kk