Клиника дәрігері Қытайда өткен халықаралық форумда баяндама жасады
01.07.2025 15:21:02 198
Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының онкомаммолог-дәрігері Даулет Айдаров «Қытай (Синьцзян) – Орталық Азия 2025» әйелдер денсаулығы форумына қатысып,
«Қазақстан Республикасындағы сүт безі қатерлі ісігінің эпидемиологиялық көрсеткіштері (2015–2024 жж.)» тақырыбында баяндама жасады.
Форум Орталық Азия елдері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің мамандарына арналған оқу бағдарламасы аясында өтті.
Іс-шара жатыр мойны мен сүт безі қатерлі ісіктерінің алдын алу мен бақылауға арналды. Форум аясында әр елдің мамандары тәжірибе алмасып, ерте диагностика мен тиімді емдеу тәсілдерін талқылады.
Қазақстандық дәрігерлердің осындай форумдарға қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және отандық медицинада заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1027535?lang=kk