Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы
01.07.2025 15:51:18 132
Бүгін сегізінші шақырылымдағы Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия аясында Курчатов қаласының әкімі Абдралиев Б. Т. өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді.
Өз баяндамасында Болат Тансықбайұлы әкімдік жұмысының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталып, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қаланы абаттандыру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, халықты жұмыспен қамту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін атап өтті.
Сессия барысында депутаттар келесі мәселелерді қарады: «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы», «Мәслихаттың әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі» және әртүрлі мәселелер.
Өткен сессия қаланың дамуына қатысты басым міндеттерді шешуде атқарушы және өкілетті билік өкілдерінің ашық диалогы мен тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1027578?lang=kk