Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ұландықтармен кездесті

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ұландықтармен кездесті

04.07.2025 10:21:24 143

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Қарағанды қаласында орналасқан 6505 әскери бөліміне бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, танымал спортшы Серік  Сәпиев арнайы келіп, жеке құраммен кездесу өткізді.

Атақты спортшының бөлімге келуі – әскери қызметшілер үшін зор мәртебе әрі үлкен мотивация көзі болды. Кездесу барысында Серік Жұманұлы өзінің спорттағы жолы мен жетістіктері туралы әңгімелеп, әскери қызметтің маңызын ерекше атап өтті. Ол адал еңбек пен Отанға қызмет етудің – әр азаматтың қасиетті парызы екенін айтты.

Әскери қызметшілер Олимпиада чемпионына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оның өмірлік ұстанымдары мен табысқа жету жолдары туралы пікір алмасты. Кейін мәртебелі мейман бөлімнің спорт залын аралап, жас жауынгерлердің дене дайындығына жоғары баға берді.

Сарбаздар чемпионмен естелікке суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмады. Олимпиада чемпионымен бірге түскен фотосуреттер – олар үшін ұмытылмас сәтке айналды.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1029641?lang=kk