Ұлттық домбыра күніне орай «Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында «Ұлы мұра – домбыра» атты концерті өтті

Ұлттық домбыра күніне орай «Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында «Ұлы мұра – домбыра» атты концерті өтті

04.07.2025 16:21:17 121

Қазақтың қара домбырасының үні - күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен.

Концерттік бағдарламада «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары – Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі – жетекшісі Мадина Тлеулина, 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі – жетекшісі Мадина Дусмогомбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Көкшетау қаласының және Қазақстан Республикасының құрметті азаматы – Бисара Макенова, 25 жылдық тарихы бар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі және солисі Төлеген Аманов – жетекшісі Әлизат Дүзелбай, 40 жылдық тарихы бар «Көркемтау» домбырашылар ансамблі, солисі Әмірали Азаматұлы – жетекшісі Альбина Касенова, «Көкше саздары» домбырамен ән салу студиясының дуэты Нұрдаулет Ешимов, Әділхан Аманжол – жетекшісі Бисара Макенова, 25 жылдық тарихы бар «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореграфиялық ансамблінің солистері Лейла Мереке және Жанель Лукпанова – жетекшісі Айымгүл Хасенова, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері Аминат Хасанова және Ерқанат Ербосынұлы – жетекшісі Ақниет Абдулла.

Келе жатқан Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!

Еліміздің аспанында күмбірлеген күй үні ешқашан толастамасын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1030006?lang=kk