«Домбыра қолымда, шабытым шарқ ұрса» атты онлайн жыр кеші өтті

«Домбыра қолымда, шабытым шарқ ұрса» атты онлайн жыр кеші өтті

04.07.2025 17:01:34 99

Ұлттық домбыра күніне орай Павлодар облыстық арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Домбыра қолымда, шабытым шарқ  ұрса» атты республикалық онлайн әдеби-музыкалық сазды кешке кітапханамыздың белсенді оқырманы Арғын Нұрдана қатысып, өз өнерін кең аудиторияға паш етті.

Ол бұл шарада Қазақстанның белгілі композиторы, халық артисі Алтынбек Қоразбаевтың жүректі тербейтін туындысы «Әгугәй, домбыра» әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Нұрдананың орындауы ұлттық аспап – домбыраның қадір-қасиетін тереңнен сезіндіретін сыршыл әуенмен үндесіп, қазақтың төл өнеріне деген сүйіспеншілікті айшықтай түсті.

Мұндай  шығармашылық шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, өнерге деген ынтасын арттыратыны сөзсіз. Арғын Нұрданаға алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1030087?lang=kk