Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді шын жүректен Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!
04.07.2025 18:23:41 220
Домбыра — халқымыздың үні, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан баға жетпес мұра. Бұл күн — ата-бабалардан қалған асыл мұраға, ұлттық мәдениетімізге және болмысымызға деген терең құрметтің белгісі. Домбыраның сазы — кең даладай, қазақ халқының терең тарихындай. Оның әуенінен қуаныш пен мұң, ерлік пен рухтың күші естіледі.
Бүгінде бұл баға жетпес мұраны сақтау мен дамыту жолында үлкен істер атқарылуда. Ауданымызда домбыра өнерін насихаттауға бағытталған шығармашылық үйірмелер белсенді жұмыс істеп, концерттік және мәдени шаралар өткізіліп келеді. Осы мерекелі күні мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, ұстаздарға, музыканттар мен орындаушыларға алғысымды білдіремін. Сіздердің жас ұрпаққа бұл өнерді шынайы сүйіспеншілікпен әрі шабытпен жеткізіп жүрген еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Құрметті жерлестер! Тағы да баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Әр шаңыраққа тыныштық, береке-бірлік, рухани байлық және асыл мұрамызға деген мақтаныш тілеймін.
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1030207?lang=kk