5 шілдеде Бейімбет Майлин ауданының XXXVI спартакиадасы өтті.
07.07.2025 08:02:55 198
Бұл жолы ауданның үздік спортшыларын Май ауылдық округі қабылдады. Ауданның басты спорттық шарасына өңірдің 200 үздік спортшысы қатысып, 11 спорт түрінен бақ сынасты. Жарыстың ашылуы төрешілер командасы мен қатысушылардың 9 ауылдық округтен салтанатты түрде шығуымен басталды. Жиналғандарды аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов құттықтады. Шахматтан нұсқаушы Асылбек Ахметов, тоғыз құмалақтан жаттықтырушы Орынбай Туралы және барлық жарыстарға белсенді қатысқан Иван Анисов аудан әкімінің грамотасымен марапатталды. Мәдениет үйінің әртістері орындаған «Ұлы дала - Жеңіс рухы» театрландырылған прологы ашылу сәтінің бірі болды. Спартакиада алауын жағу құқығы үздік спортшыларға : Брода Паве , Китибаева Татьяна, Ганкевич Ольга және Вакуленко Валерийге берілді. «Даймондс» ұжымының өнері, сондай-ақ «Алға» вокалдық тобының орындауындағы «Спорт» әні ауданның XXXVI спартакиадасының ашылуын аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1030536?lang=kk