ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

07.07.2025 12:21:11 275

Шымкенттің «Шаңырақ», «Тұрдыабад», «Базарқақпа» елді мекендерінің тұрғындары енді GPON озық технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және сапалы ұялы байланысты пайдалана алады.

GPON (Gigabit passive Optical Network)-тің басты артықшылықтарының бірі – тұрақты деректер жылдамдығы, сонымен қатар сыртқы кедергілерден қорғау. Осының арқасында интернет тіпті шалғай аудандарда да тез және үзіліссіз жұмыс істейді. Технология деректерді талшық арқылы 1 Гбит/с дейінгі жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Шымкентте технологияға “Шаңырақ”, “Тұрдыабад” және “Базарқақпа” шағын аудандарында 1500-ге жуық үй қосылған, ол 7150-ден астам тұрғынды қамтиды.

Шымкент қаласының шалғайдағы елді мекендеріне талшықты-оптикалық интернет жүргізу жұмыстары 2021 жылы басталған. Қалаға Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысынан қосылған 81 елді мекеннің 52-сі бар. Биылғы жылы талшықты-оптикалық интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 20 елді мекенде, ал келесі жылы 25 елді мекенде жоспарланған. Осылайша, шалғайдағы елді мекендер жылдам интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетсек оптикалық интернет жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат пайдаланылмаған. «Барлық жұмыстарды жеке инвесторлар қаржыландырады. Сапалы интернет өткізуді қамтамасыз ететін алты провайдермен меморандумдарға қол қойылды, ал біз инфрақұрылымдық мәселелерге және әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмектесеміз. Beeline компаниясына келетін болсақ, ол биылғы жылы GPON технологиясын пайдалана отырып, “Тұрдыабад”, “Шаңырақ”, “Базаркақпа”, “Сайрам” және “Абдулабад”тұрғын алаптарын интернетке қосады.