8 шілде – Қарулы күштерде әскери медицина күні
08.07.2025 09:31:22 132
Тәуелсіз Қазақстан әскери медицинасының тарихы 1992 жылы ҚР Қарулы күштері Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылған кезден басталады.
Бүгінде бұл 8 госпитальдан, 4 лазареттен және медициналық пункттерден тұратын кең жүйе. Өткен жылдың өзінде емдеу мекемелерінің стационарларында 10 мыңнан аса пациент көмек алды.
Әскери медицина жүйесі дамуын жалғастыруда. Өткен жылы Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі оңалту бөлімшесін ашты. Онда әскери қызметшілер ауыр сырқаттар мен жарақаттардан кейін денсаулығын қалпына келтіреді. Сонымен қатар, Ақтау қаласында әскери теңізшілерге арналған госпиталь ашу және Алматы қаласында әскери медицина академиясын құру жұмыстары жүргізілуде.
Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында Президент Іс басқармасының медициналық орталығымен, А. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығымен және басқа да медициналық мекемелермен ынтымақтастық жолға қойылды.
Тәуелсіз контингент құрамындағы әскери дәрігерлерді Голан биіктіктеріндегі БҰҰ миссиясына жіберу маңызды оқиға болды. Онда медицина мамандары жергілікті патрульге қатысатын бітімгерлерге және жергілікті тұрғындарға көмек көрсетеді.
Әскери дәрігерлер оқу-жаттығуларға және жұмылдыру жиындарына үнемі тартылып, оларды медициналық сүйемелдеу мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери дәрігерлердің жанқиярлығы Сovid-19 пандемиясы кезінде, әскери госпитальдардағы инфекциялық изоляторлардың, стационарлық ПТР-зертханалардың және жылжымалы зертханалық кешендердің жұмысы ұйымдастырылған кезде толық көрінді. Өткен жылы олар су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға да көмекке келді.
Әскери дәрігерлерді әлеуметтік қолдаудың маңызды шарасы 2024 жылы азаматтық клиникаларда тәжірибеге қол жеткізуді ашу және олардың еңбекақысын азаматтық денсаулық сақтау мамандарының деңгейіне дейін арттыру болды.
Бір қарағанда, ең құнды байлық – адам денсаулығын сақтау тұрғысынан көрінбейтін, бірақ өте маңызды, әскери дәрігердің жұмысы терең құрмет пен ризашылыққа лайық. Ауруханалар мен лазареттерде тәулік бойы кезекшілік ете отырып, олар кез келген уақытта мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030640?lang=kk