Атаулы мерекелер аталып өтті

Атаулы мерекелер аталып өтті

08.07.2025 11:17:23 308

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Елордамыз Астана күні және Ұлттық домбыра күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі іс-шарада аудан халқын атаулы мерекелермен құттықтады.
– Сіздерді Елордамыз Астана күні және ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміздің бас қаласының құрметіне белгіленген бұл күн әрбіріміз үшін ерекше ыстық мереке.
Абыройы асқақ шаһар Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды.
Бүгінде бас қаламыз әлемдегі ең озық, қарыштап дамыған шаһарлар қатарына қосылды. Құрылу, қалыптасу, өркендеу сатысынан өтіп, еліміздің әкімшілік және іскерлік орталығына айналды-деп атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күні биыл жетінші жыл елімізде кеңінен тойланып келеді. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекені атап өту – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс» деп келешек ұрпаққа домбыра арқылы ұлттық құндылықты насихаттаудың айрықша маңызы бар екенін атап өтті.
Бұл мереке – еліміздің рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін күн.
Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп жырлаған.
Бүгінде өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарауда.
Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Сіздерді тағы да Астана күнімен және Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін-деп сөзін түйіндеді.
Шара одан әрі жалғасып, аудан көркемөнерпаздары ән-шашумен көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030814?lang=kk