«Күмбірле, домбыра!»
08.07.2025 12:12:12 253
«ADK River» сауда орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, домбыра!» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, жастарды ұлттық мәдениетке баулу және қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеу болды.
Бағдарламаға музыкалық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Шара қонақтары қазақ музыка өнері мен күйге арналған викториналар мен ойындарға қызығушылықпен қатысты, сондай-ақ домбыра пазласын жинады.
Шара аясында көрмеге қойылған, музей қорындағы танымал тұлғалар ұстаған домбыралар мен күйші-композитор, қазақ музыкасының жанашыры Уатхан Жүнісовтің ғылыми еңбектері көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрменің ұраны «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» мерекенің басты идеясына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1030911?lang=kk