Қазақстан СІМ-де БҰҰ-ның жаңа Тұрақты үйлестірушісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстан СІМ-де БҰҰ-ның жаңа Тұрақты үйлестірушісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

08.07.2025 12:45:28 220

Астана, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы жаңа Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчаны қабылдады.

Кездесу барысында тараптар көпжақты ынтымақтастық жүйесін реформалау, орнықты даму және БҰҰ-ның рөлін одан әрі нығайту мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады.

БҰҰ агенттігінің жаңа басшысын құттықтай отырып, А.Рахметуллин БҰҰ-ның белсенді қолдауының арқасында Қазақстан 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібі шеңберінде өз халықаралық міндеттемелерін дәйекті түрде орындап келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі шілде айында Нью-Йорк қаласында өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форум аясында еліміздің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынуға дайындалып жатқанын жеткізді.

А.Рахметуллин БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды өткізгені және көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде С.Раднарагча Қазақстан Үкіметіне «БҰҰ-ның қазақстандық отбасына» көрсетілген жоғары сенімі үшін ризашылығын білдіріп, жаһандық мақсаттарға қол жеткізуде одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық және ұлттық күн тәртібі аясындағы басым бағыттар бойынша серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Саранго Раднарагча 2025 жылғы 22 маусымнан бастап БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол UNECE Экология мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесші, сондай-ақ Моңғолия Үкіметінде аға лауазымды қызметтерін атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030953?lang=kk