Астана күні - Қопа жағалауындағы өнер мен шаттық кеші

Астана күні - Қопа жағалауындағы өнер мен шаттық кеші

08.07.2025 12:47:07 198

2025 жылғы 6 шілде күні Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жаңа жағалауында орналасқан Амфитеатрда Астана күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.

Шара елорданың туған күніне орай ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Кешке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, ұлттық мәдениет пен өнердің көркем көрінісіне куә болды.

Концерт барысында Ақмола өңірінің өнер майталмандары өз өнерлерін ортаға салды. Сахна төрінде:

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары жарқын қойылымдарымен кешті әрледі:

  • 50 жылдық тарихы бар, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Көкшетау» халықтық би ансамблі (жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина);
  • 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі (жетекшісі – Мадина Дусмогомбетова);
  • 20 жылдық тарихы бар «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі (жетекшісі – Томирис Жанспаева);
  • 25 жылдық тарихы бар, республикалық байқаулардың лауреаты «Балдәурен» үлгілі-вокалды хореографиялық ансамблі (жетекшісі – Айымгүл Хасенова);
  • «Жұлдыз» үлгілі вокалдық студиясы өз репертуарындағы таңдаулы әндерді ұсынды.

Сонымен қатар, 40 жылдан астам тарихы бар Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ерназар Оразалин;

  • «Мәдениет қайраткері» және «Халық алғысы» медалінің иегері – Жанат Есов;
  • «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері – Ляззат Идрисова;
  • Республикалық байқаулардың лауреаттары – Арай Букаева, Марина Зяблинцева өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті.

Кешті «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Тоқтарбек Қалдаров, Татьяна Кирьянова және Әмина Қайрат жүргізді.

Осы кеш – елорданың мерейлі мерекесіне арналған өнер мен руханияттың жарасымды тоғысы болды. Қала тұрғындары мен қонақтары ерекше әсер алып, керемет көңіл күймен тарқасты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1030948?lang=kk