ШЫМКЕНТТЕ «ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ «ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

08.07.2025 15:49:16 374


Атап айтсақ, бүгінде қаламызда 29 шақырым жылу желісі және 330 шақырым электр желісі реконструкцияланды. Қазандықтар жөнделіп, 50 электр трансформаторлары ауыстырылды. Сонымен қатар, Шымкентте 400 шақырым-ден астам ескірген электр желілерін ауыстыру және қуаты 125 МВт болатын жаңа «Қызылсу» электр подстанциясының құрылысы қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ  әкімшілік-іскерлік орталықтағы қазандық қазіргі таңда қаланың 10%-ын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Жергілікті билік 2027 жылға дейін қолданыстағы 5 қазандыққа қоса жалпы қуаты 120 Гкал болатын 4 қазандық орнатуды жоспарлап отыр, бұл қалаға жылу беру көлемін 20%-ға арттырады (150-ден 530 үйге дейін).

Шымкентте жалғыз саналатын ТЭЦ-3 станциясы жұмыс жасауда. Ол қалаға 70% жылу және 30% электр энергиямен қамтамасыз етеді. ТЭЦ-3-тің қалаға дейінгі жылу желісінің жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық, ал олардың тозуы 90%-ды құрайды. Осыған байланысты, Ұлттық жобаға осы жылу желілерінің 17 шақырым реконструкциялауын қосу туралы шешім қабылданды.
Тағы бір  қуаттылығы 40 МВт болатын «Дендропарк» электр подстанциясы жұмыс жасауда. Әкімдіктің мәліметінше, жоба 2024 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» инвестициялық бағдарламасы аясында бюджеттік қаражатсыз іске асырылды. Электр подстанциясы жаңа тұрғын аудандарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.