ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ САЛУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ САЛУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

08.07.2025 15:53:47 176

«Shymkent Invest – Front Office» алаңында ABYROI UNIVERSITY компаниясымен кездесу өтті.

Кездесу аясында Шымкент қаласында халықаралық форматтағы университет салу жобасы таныстырылды. Жоба IT, педагогика және агротехникалық бағыттарды қамтиды. Жалпы инвестиция көлемі – 12 млрд теңге. Іске асыру кезеңі: 2025–2029 жылдар.

Кездесу нәтижесінде білім беру саласындағы серіктестікті дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.

Шымкент – білім мен инновацияның жаңа орталығы!