Smart Kostanay: Барлығы бір қосымшада!

Smart Kostanay: Барлығы бір қосымшада!

08.07.2025 18:27:52 187

Бүгін SmartKostanay мобильдік қосымшасына қатысты ведомствоаралық жиналыс өтті.

Жиынға әртүрлі әлеуметтік салалар мен акимат бөлімдерінің мамандары қатысты.

Кездесу барысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған қолжетімділік, ақпаратты өзектендіру және қосымшаны мемлекеттік органдардың басқа цифрлық жүйелерімен ықпалдастыру мәселелері талқыланды.

SmartKostanay қосымшасы қазірдің өзінде қалада белсенді жұмыс істейді!

Оны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға болады.

Қосымшаның ресми парақшасына жазылыңыздар — барлық жаңалықтарды сонда бөлісеміз!

@smart_kostanai

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1031286?lang=kk