Қазақстанның Елшісі Бразилияның Ұлттық футбол конфедерациясының штаб-пәтеріне барды

Қазақстанның Елшісі Бразилияның Ұлттық футбол конфедерациясының штаб-пәтеріне барды

09.07.2025 08:41:17 308

2025 жылғы 8 шілде, Рио-де-Жанейро — Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Рио-де-Жанейро қаласына жұмыс сапары аясында Бразилияның Ұлттық футбол конфедерациясының (CBF) штаб-пәтеріне барып, оның атқарушы директоры Хелдер Мелильомен  кездесті.

Кездесу барысында жас спортшылар мен бапкерлер құрамын кәсіби даярлау, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тәжірибе алмасу салаларында Қазақстан мен Бразилияның футбол федерациялары арасында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Қазақстан Елшісі әңгімелесушіні еліміздегі спорт саласындағы жетістіктерімен, Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропалық және Әлемдік футбол федерацияларындағы замана қатысуымен, сондай-ақ жеткіншек және жас футболшыларды даярлау бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды. Хелдер Мелильо өз кезегінде, серіктестік байланыстар орнату үшін Қазақстанның Ұлттық футбол федерациясы басшылығын Бразилияға сапармен шақырды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1031378?lang=kk