Сотталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша облыстық әкімдікте жұмыс кездесуі өтті
09.07.2025 09:31:44 209
Облыстық әкімдікте жергілікті атқарушы органдардың, Кәсіпкерлер палатасының және мүдделі тараптардың қатысуымен сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, оларды жұмыс көлемімен қамтамасыз ету, өндірістік тапсырыстарды орналастыру, жаңа цехтар мен өндірістің жаңа түрлерін ашу үшін инвесторларды тарту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында әрбір басқарма өз ұсыныстарын білдіріп, бастамаларын ұсынды. Әсіресе, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанынан тұрақты жұмыс орындарын құру, өндірістік базаны кеңейту және мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлік қауымдастық арасында ынтымақтастықты жолға қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара түсіністікке келіп, сотталғандарды жұмыспен қамту, оларды әлеуметтік бейімдеу және еңбек қызметіне тарту бағытында алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1031407?lang=kk