Көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі

Көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі

09.07.2025 18:11:41 99

Ағымдағы жылғы 23 маусымдағы құқыққорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысындағы Мемлекетбасшысының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің әлеуетін қолдана отырып қылмыстық қатерлерді болжау мен оған қарсы күрес жүйесінжандандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында, ведомствомен қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қатерлерді ерте анықтау мен алдын-алуға бағытталған Комитеттіболжамдық-талдамалық орталығына трансформациялау бойынша кешенді шаралар қалыптастырылды. Оның басты міндеті – қылмыстық қауіптерді анықтайтын және алдын алатынзаманауи жүйені қалыптастыру. Осы мақсатта, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша ведомствода пилоттық режимде Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды. Алғашқы қадамдардың бірі ретінде а.ж.9 шілдеде Астана қаласында «көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба Ішкі істер Министрлігімен бірлесіп іске асырылуда, көшедегі қылмыстаржасалатын жерлерді алдын ала анықтап, уәкілетті органның сол аймақта алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған. Жүйе жаңа технологиялар мен үлкен деректер базасында жұмыс жасауда. Олқылмыс туралы мәліметтерді, яғни құқық бұзушылықтардың қашан және қай жерде жасалғанын талдайды. Елордада соңғы он жылда жасалған қылмыстар туралы деректер негізіндежүйе жасанды интеллект элементтері арқылы нақты аумақта қандай да бір қылмыстардың жасалуын болжайды. Бұл қауіпті аудандарды анықтап, алдын алушараларын қолдануға өз септігін тигізеді. Осы мәліметтердің негізінде полиция патрульдік бағыттарын тиімді жоспарлап, орын алуы мүмкін ықтимал құқық бұзушылықтарға жылдам ықпал етуге, ал жергіліктіатқарушы органдарға – қалалық инфраструктураны жақсартуға мүмкіндік береді (бейнебақылау камераларын, жарық шамдарын орнату және т.б.). Пилоттық жоба Астанада сәтті тестілеуден өткеннен соң, басқа да үлкен қалалардажүргізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1031979?lang=kk