Салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жүзеге асырылады
10.07.2025 11:33:37 341
Құрметті салық төлеушілер!
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асыратынын хабарлайды.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі – Хабарламалар) орындау түсініктеме беру арқылы тек СӘАЖ СТК-да сілтеме бойынша қолжетімді болады https://knp.kgd.gov.kz.
Бұл ретте хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН) ұсыну жөніндегі функционал салық төлеушінің ескі кабинетінде қалады (https://cabinet.kgd.gov.kz) СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.
СӘАЖ СТК-де тіркелу және жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулықтар Комитеттің youtube каналында сілтеме бойынша орналастырылған https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared.
СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:
жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8 (7172) 73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1032281?lang=kk