Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда
10.07.2025 13:08:42 396
Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Бұл орталық – елдегі жетекші перинаталдық мекемелердің бірі. Бағдарлама акушер-гинекологтар мен неонатологтарға арналған, оның мақсаты – тәжірибе алмасу, заманауи емдеу әдістерін меңгеру және жүктілік пен жаңа туған сәбилерге көмек көрсетуде халықаралық стандарттарымен танысу.
Оқыту бағдарламасының маңызды бағыттары:
•Орталықтың жұмысымен және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысу.
Курсқа жүкті әйелдердегі экстрагениталдық патология бөлімі меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Литвинюк Ольга Валерьевна жетекшілік етті. Сонымен қатар күнделіктіпалаталық тексерулер, клиникалық талқылаулар мен дәрігерлік консилиумдарға қатысу, интерактивті платформада клиникалық жағдайларды талдау арқылы оқыту,
күрделі жүктілік жағдайында, оның ішінде плацента мен экстрагениталдық патологиялар кезінде кесар тілігін жасауға ассистент ретінде көмек көрсетіп, тәжірибе жинақтады.
Іле аудандық орталық ауруханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директордың орынбасары Рауан Бақытжанқызы Азимқұлованың айтуынша:
«Беларусь мамандарының ұйымдастырушылық деңгейі мен науқастарға деген көзқарасы өте жоғары. Әсіресе талдау нәтижелерін жылдам жеткізуге арналған пневмопошта жүйесі ұнады».
Неонатологтар жаңа туған нәрестелердің денсаулығын ьақылып, олардың жағдайын тұрақтандыру әдістерін үйреніп, науқастың төсегінің жанында клиникалық жағдайларды талқылады. Сондай-ақ, перинатология саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелермен танысуда.
Бұл бағдарлама кәсіби білімді тереңдетуге және екі елдің медициналық мекемелері арасындағы берік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1032358?lang=kk