ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

10.07.2025 16:53:53 1122

 

Шымкент қаласы Тельман мөлтек ауданында халық санының артуына байланысты және оқушылардың ұзақ мектептерге  қатынап оқуын болдырмау мақсатында өткен жылы жаңа мектеп құрылысы басталған болатын.
1200 оқушыға арналған бұл білім ордасының құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған және ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс алаңында сыртқы абаттандыру мен инженерлік инфрақұрылымды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Мектеп пайдалануға берілген соң, Тельман тұрғындары үшін білім беру мәселесі едәуір жақсарып, оқушылардың тығыздық мәселесі шешімін табады деп күтілуде.