ШЫМКЕНТТЕГІ САУДА-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ДАМУДА: ALMAAR LOGISTICS – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

ШЫМКЕНТТЕГІ САУДА-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ДАМУДА: ALMAAR LOGISTICS – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

10.07.2025 16:55:56 1045

 

Шымкент қаласы үшін стратегиялық маңызы зор нысандардың бірі – «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығы бүгінде тиімді жұмыс істеуде.
Жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көпфункционалды кешеннің құрылысына жеке инвестор тарапынан 14,8 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынған. Бұл – өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған ірі жоба болып табылады.
Орталық заманауи сақтау технологияларымен толық жабдықталған. Әсіресе тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін ұзақ уақыт сақтамай, тұтынушыға жедел жеткізуге мүмкіндік беретін логистикалық жүйе енгізілген. Бұл – өнім сапасын сақтау мен шығынды азайтудың тиімді жолы.
Almaar Logistics орталығының қызметі қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысын оңтайландыруға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға зор үлес қосып отыр.
Мұндай жобалар Шымкенттің логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін арттырып, өңірлік және халықаралық нарықтармен тығыз байланыс орнатуға жол ашады.