Қазақстан Елшісі Грекия Президентіне Cенім грамоталарын табыс етті
10.07.2025 19:52:43 1265
Афины, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Султанғожин Грек Республикасының Президенті Константинос Тасуласқа сенім грамоталарын тапсырды.
Рәсім Мемлекет басшысының ресми резиденциясы – Афина қаласындағы Президент сарайында өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мақсатында биік және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог пен өзара сапарлар алмасудың ерекше маңызын атап өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына, соның ішінде көлік, логистика, энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларға жеке көңіл бөлінді.
Грекия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа достық сәлемін жолдап, Елшінің дипломатиялық миссиясын табысты атқаратынына сенім білдірді, сондай-ақ екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге грек тарапының мүдделілігін растады.
Рәсім қорытындысы бойынша тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия халықтары арасындағы достық байланыстар мен екіжақты серіктестікті нығайтуға ниетті екендерін қуаттады.
Рәсімге сондай-ақ Грекия Президенті Әкімшілігінің Бас хатшысы Алики Хадзи және Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Яннис Ловердос қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1032816?lang=kk