Кәсіпкерлердің назарына. МКД тақырыптық салықтық тексерулер жүргізеді
11.07.2025 18:31:26 671Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдары бақылау-кассалық машиналардың (БКМ), POS-терминалдардың болуы және оларды қолдану мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізуде.
2025 жылдың алғашқы алты айында мамандар 90 тексеру жүргізді, 78 әкімшілік материал жасалды: 64 – БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін және 14 – POS-терминалдардың жоқтығы үшін.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚБтК) 284 – бабы бойынша 64 кәсіпкерлік субъектісі, ӘҚБтК-нің 195-бабы бойынша 14 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар БКМ міндетті түрде қолданумен жүргізілетінін еске салады.
Сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыруда БКМ қолданбағаны, сондай-ақ пайдалану орны бойынша Мемлекеттік кірістер органында ақаулы немесе есепте тұрмаған БКМ қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: ескерту, қайталап бұзылған жағдайда-20-дан 40 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл (ӘҚБтК-нің 284-бабы). БКМ чегін бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 284-бабы).
Сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға міндетті дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы – ескерту жасауға әкеп соғады, қайталап бұзылған жағдайда 40-тан 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (бап 195 ӘҚБтК).
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033483?lang=kk