ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

13.07.2025 11:56:33 539


Өткен жылы басқарма 386 құрылыс нысанын бақылаудан өткізіп, 312 заңсыз нысанды анықтап, олар туралы ақпарат Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған. Бұл нысандар Геоақпараттық
жүйеде белгіленіп, нақты мониторинг жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде – тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру басты мақсатқа айналды.
Сонымен қатар, қала аумағында 613 жарнама құрылғысы тіркелген. Олардың 15-20 пайызы ЛЭД мониторлар. Қалғандары скроллер мен өзге түрлер. Осы жарнамалар арқасында 2024 жылы түсім 561,4 млн теңгені құраған. Сондай-ақ,  sauda.e-qazyna.kz порталы арқылы 526 жарнама орны сауда-саттыққа шығарылып, 356-сы сатылды. Бұл – қалалық бюджетке тұрақты кіріс әкеліп, көше кеңістігінің реттелуіне сеп болуда.
Өткен жылдың қорытындысымен 1060 жер учаскесіне қатысты 317 нысан бойынша 75 қаулы қабылданып, 214,38 гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылып, 13 млрд теңге қаржы игерілген. Ірі жобалар қатарында Қонаев даңғылынан 176 жер телімі, С.Бәйтереков көшесін қайта құру – 24 жер телімі, Қаратау ауданы, 223 орамдағы стадион құрылысы – 154 жер телімі. Бұл – қалалық инфрақұрылымды дамытуға, жолдар мен әлеуметтік нысандар құрылысына мүмкіндік беретін шешуші қадам.
Басқарма атқарған әр іс – қала келбетінің көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына бағытталған. Ал бұл – нағыз тиімді басқару мен стратегиялық көзқарастың белгісі. Шымкенттің болашағы жарқын боларына сенім бар, ал сол жарқын болашаққа бастар жол дәл бүгінгі жүйелі еңбектен басталады.
Қаланың тыныс-тіршілігіне тікелей ықпал ететін маңызды саланың жүйелі қызметі – Шымкенттің заманауи, қауіпсіз, жайлы әрі көрікті қала ретінде дамуына үлес қосып келеді. Қаланың өсіп-өркендеуі – әрбір тұрғынның ортақ мүддесі. Ал оны жүзеге асыру – ұлттың келешегі үшін маңызды миссия.